Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының сайтына қош келдіңіздер! |
|
|
31.08.2010 13:05 |
|
Основная подготовительная работа к IV Всемирному Курултаю казахов вступила в стадию завершения. Однако по объективным причинам в график его проведения инициируются изменения. Дело в том, что в текущем году в столице Казахстана запланированы различные мероприятия международного масштаба с участием руководителей государства, министерств и ведомств. |
|
Толықтау...
|
|
31.08.2010 12:54 |
|
Дүниежүзі қазақтарының ІҮ Құрылтайының дайындық жұмыстары соңғы сатысына жетті. Бірақ, белгілі себептермен оның өткізілу мерзімі өзгерістерге түсті. Елордамыз Астана қаласында биылғы жылы дүниежүзі елдерінің мемлекет басшылары, министрлік өкілдерінің қатысуымен түрлі халықаралық шаралар өтеді деп жоспарлануда. Біздің ел ЕҚЫҰ-ның Төрағасы ретінде осы шараны ұйымдастыруды өз міндетіне алып отыр. |
|
Толықтау...
|
|
26.08.2010 12:46 |
|
«Нұр Отан» ХДП-ның Парламентаризм институты ағымдағы жылдың 25-ші тамызы күні Астана қаласында «Оралмандар: қоныс аударуы мен бейімделу мәселелері» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізді. Аталған шараға Дүниежүзі қазақтары қауымдастығынан Төралқа торағасының бірінші орынбасары Т. Мамашев қатысты. Бұл іс-шарада қазақтардың атажұртына оралуы мен олардың тарихи отанына бейімделуі, оралмандарға қолдау көрсету салаласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру, этникалық көші-қонды реттеу, оралмандырдың екінші қайтара көші-қон мәселелеріне қатысты Елбасының бастамасын іске асыру жолдарын қарастыру ұсынылды |
|
19.08.2010 17:14 |
Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. “Болашақ” бағдарламасы бойынша әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алуға үміткерлер арасында биыл дарынды балаларға арналған интеллектуалды мектептердің түлектері барын айрықша атап өткен төраға мұны жеткіншектерге сапалы білім беріп келе жатқан оқу ошақтарының үлкен жемісі деп бағалады |
|
17.08.2010 16:41 |
13-14 тамыз аралығында Ресейдің Саратов облысы Маркс қаласында футбол жарысынан іріктеу турниры өтті. Бұл жарыстың мақсаты - ресейлік қазақ жастарының Дүниежүзі қазақтарының ІV Құрылтайы аясында өтетін спорттың бағдарламаға ат салысу. Жарыста Мәскеу, Новосібір, Омбы, Самара және Саратов облыстарынан келген командалар өнер көрсетті |
|
11.08.2010 12:23 |
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұжымы Стамбул қаласындағы Мехмет Зенгин мен Жұмалы Зенгиннің отбасыларына атамыз Шәріп Зенгиннің қайтыс болуына байланысты қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Марқұмның топырағы торқа, жатқан жері жәннәтта болып, иман байлығын берсін! Артында қалған бала-шағасына, туған-туысына ұзақ өмір тілейміз! |
|
29.07.2010 12:29 |
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұжымы Қауымдастықтың ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Ботагөз Уатқанға сіңілісі Меруерттің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Марқұмның иманы жолдас, жаны жәннәтта болсын |
|
28.07.2010 16:22 |
Үстіміздегі жылдың 20-23 аралығында Моңғолияның Баян-Өлгий аймағының 70 жылдық мерейтойы өтті. Бұл аталған шараға Қазақстаннан барған делегацияны бастап Қауымдастықтың Төралқа төрағасының бірінші орынбасары Т. Мамашев барып қайтты |
|
27.07.2010 16:38 |
Үстіміздегі жылдың 26 шілдесі күні Үкімет үйінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен Мәдениет министрлігі әзірлеген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылауға арналған кеңес өтті. Оған Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың, этно-мәдени бірлестіктердің басшылары, белгілі ғалымдар мен тіл жанашырлары қатысты. Тіл саясатына байланысты 30 елдің озық тәжірибесі зерделеніп, әзірленген жобаға қатысты негізгі баяндаманы Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед жасады |
|
25.06.2010 12:14 |
Бүгін Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары Талғат МАМАШЕВ-тың қабылдауында Кельндегі қазақ диаспорасының өкілі Абдрахман Шетин болды. Алдағы болатын ІV құрылтайға қатысты мәселер мен ол жақта тұратын ағайындардың хал-жағдайларын сұрасып әңгімелесті |
|
|
|
|